Контрабанда: Қазақ-өзбек шекарасында жасырын тоннель қазып, тауар тасыған
Қазақ-өзбек шекарасында жерастынан қазылған жасырын тоннель анықталды. Ұзындығы 310 метрлік тоннель арқылы контрабандашылар тауар тасып келген екен.
Автор: Бек Әбиев
03.07.2024
Жерасты жолының қашан қазылғаны және қай уақыттан бері қолданылғаны белгісіз. Тіпті вентилиция жүйесі мен жарық тартылып, тауар тасуға арналған арқан және арбалармен жабдықталған. Сол өткел арқылы ұйымдасқан трансшекаралық қылмыстық топ Үндістаннан дәрі тасыған. Делиден артылған медициналық препараттарды Алматыға жеткізіп, одан Түркістан облысына әкеліп, тоннель арқылы Ташкентке жөнелтіп отырған. Жерасты жолын анықтаған Өзбекстанның арнайы қызметі тінткен кезде сапа кепілдігі жоқ 17 мың вирусқа қарсы дәрі, қан препараттары мен антибиотик тәркіледі. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!