{metadescription}
Үндістан: Діни шарада 121 адам құрбан болды, көбі — әйелдер
Үндістан: Діни шарада 121 адам құрбан болды, көбі — әйелдер

Үндістан: Діни шарада 121 адам құрбан болды, көбі — әйелдер

Үндістандағы діни шарада құрбан болғандар саны 121 адамға жетті. Қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың көбісі — әйелдер. Арасында балалар да бар.

Жергілікті полицияның мәліметінше, 80 000 адам жиналуға рұқсат берілген орынға 250 000 мың ғибадат етуші келген. Төтенше жағдай Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында болды. Қалың қауым атақты пірадардың уағызын тыңдауға жиналған. Мінәжат етуге келгендердің көптігінен адамдарға ауа жетпей, бірінің үстіне бірі құлап, кейбірі сол жерде аяққа тапталып бақилық болған. 

Ел билігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсетілмек.

Адамдар бір-бірінің үстіне құлай бастады. Барлығымыз шошып кеттік. Ауа жетпеді. Кейбіреулері бір-бірін жаншып, тіпті сол жерде қайтыс болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.