{metadescription}
Хиос және Кос аралдарындағы өрттен бес адам зардап шекті
Хиос және Кос аралдарындағы өрттен бес адам зардап шекті

Хиос және Кос аралдарындағы өрттен бес адам зардап шекті

Аптап ыстықтан Грекияда орман өрті басылмай тұр. Эгей теңізінің шығысындағы Хиос және Кос аралдарындағы табиғи апаттан бес адам зардап шекті. 

Эгей теңізінің оңтүстігіндегі Кос курорт аралында да өрт шығып, қаланы көк түтін басқан. Хиостың батысындағы Метохи аймағының тұрғындары мен туристерді жақын маңдағы жағажайға эвакуацияланды. Тілсіз жаумен қазір 140-тан астам өрт сөндіруші, оның ішінде сегіз мамандандырылған топ, жеті ұшақ және үш тікұшақ жұмылдырылған.

Грекияда жасыл желек жыл сайын отқа оранады. Бірақ кейінгі кездері жаһан климатының өзгеруінен бұл елде жаз тым ыстық әрі құрғақ. Соңғы бір тәулік ішінде Грекияда 52 орман өрті тіркеліпті. Оның 44-і бастапқы кезеңде оқшауланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде