{metadescription}
Тамызда жұлдыз аққан түнді тамашалаймыз
Тамызда жұлдыз аққан түнді тамашалаймыз

Тамызда жұлдыз аққан түнді тамашалаймыз

Жұлдыз аққан түнді тамызда тамашалаймыз. Көздің жауын алатын астрономиялық құбылысты айдың жарығы қатты түспейтін уақытта анық көруге болады.

Жалпы осы айдың өзінде үш метеор ағыны болады дейді астрономдар. Бірақ басым бөлігі бізге байқалмайды. Өйткені онда төмен түсетін метеор саны аз. Тамсануға тұрарлығы тек Персеида ағыны. Ол осы айдың ортасынан көзге көріне бастайды.

Ал белсенділігінің шыңы 12 тамыздан 13-не қараған түні болмақ. Бір сағат ішінде тіпті 100-ге тарта метеорға дейін түседі. Одан қауіптенуге негіз жоқ. Себебі дене ғарыштан Жер атмосферасына кірген кезде температурадағы айырмашылыққа байланысты тез тұтанады. Түнгі аспаннан жылтылдап көрінетіні сол. Бірақ ол жерге жетпей түгел жанып кетеді. Осы бір тамаша құбылысты қала сыртында, яғни жасанды жарықтан аулақ жерде тамашалаған жөн. Егер жұлдыздар жауған түні ай жарық болса, аспан шоуын көре алмауыңыз мүмкін.

Лаура Ақтай, В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының қызметкері:

Биыл Персеида 17 шілдеден 24 тамыз орталығында болады. Сағатына 100 метеор көруге болады деген ақпарат бар. Бірақ одан да аздау көруіңіз мүмкін. Неге көбісі 12-13 тамыз дейді. Өйткені ол шаоықтау шегі сағатына көп көретін метеор саны. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде