{metadescription}
Алматы зообағы шіліңгір ыстықты қалай өткеруде
Алматы зообағы шіліңгір ыстықты қалай өткеруде

Алматы зообағы шіліңгір ыстықты қалай өткеруде

Шілденің шіліңгір ыстығында Алматының хайуанаттар бағындағы жануарлардың жайы қалай? Солтүстік мұзды мұхит табиғатына үйренген ақ аюлар күні бойы бассейннен шықпаса, пілдерге зообақ қызметкелері су шашып әлек. Биыл мұнда мекен ететіндердің қатары экзотикалық жануарлармен толықтырылған. Жыл басынан бері 70-тен астам аң төлдеген.

Қазақша түсінетін бұл сусиырдың есімі  Жанболат. Израильден әкелген жануар былтыр осы хайуанаттар бағында төлдеген. Франциялық Лотти екеуінің Глория атты төлі бар екен.

Сусиырдың жасы 17-де. Алматыдағы зообаққа туа сала жеткізіліпті. Күніне кемі 30 келіге дейін көкөніспен қоректенеді. Мекеме өкілдері алдағы уақытта сусиыр санын көбейткелі отыр.

Балабек Мақатов, Алматы зообағы тұяқтылар бөлімінің меңгеруішісі:

Күніне 10 келі шөп, 20-30 келідей көкөніс жейді. Оның ішінде қырыққабат, алма, сәбіз, қосымша тағы береміз. Біздің ыстығымызға бұлар шыдай алады. Себебі Африка жануарлары. Күндіз бар уақытын суда өткізеді. Түнге қарай жайылымға шығады.

 Иә, аптап ыстықта жануарлар азырақ қозғалып, көбірек ұйықтағанды жақсы көреді.Мекеме өкілдері оларды күннен қорғау үшін бар жағдайын жасап отыр арнайы субұрқақтар орнатып, душ, бассейндерді іске қосқан.

Юлия Доткина, Алматы зообағының қызметкері:

Жануарларымызды ыстықтан, күннен қорғау үшін бар амалды жасаймыз. Субұрқақтар мен бассейндер, душты іске қостық. Аюлар күні бойы бассейнде жатса, пілдерді душпен салқындатып тұрамыз. Аптап ыстықта қиналып жатыр деп айта алмаймыз.

Былтыр зообақта 25 түрлі жануардан 80 төл туған: көгілдір қой, Шетланд пони құлыны, кенгуру, кірпі. Ал биыл 70 төл дүниеге келген. Хайуанаттар бағына жақында экзотикалық жануарлардың жаңа түрлері жеткізілген. Ағылшын-нубия ешкісі мен өзен кәмшаты қазір жергілікті ортаға бейімделіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде