Астанада өткен ШЫҰ саммитін шетел баспасөзі жарыса жазуда
Астанадағы саммит туралы шетелдің белді басылымдары жарыса жазуда. Мақала авторлары халықаралық саясат пен экономиканы ілгерілетуде айтулы оқиғаның маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Автор: Мерей Қалиасқар
04.07.2024
Ұйымға мүше елдердің көшбасшылары бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму бағытында мүдделестігін арттыруға күш салатыны аталды. Бір қызығы, шығыс басылымдарындағы мақалаларда оптимизм толы болса, батыс баспасөзі бұл оқиғаны аса сақтықпен жазғаны байқалды.
Өзара сенім бірлестіктің негізгі тірегі және ол арқылы бұл елдер өзара тиімді саясатты бірлесіп жүргізеді. Теңдік пен ортақ дамуға кеңесу мен бір-бірінің мәдениетін құрметтеу арқылы қол жеткізуге болады. ШЫҰ-ның негізгі мақсаты – мүше елдердің ортақ мүдделерін қорғау бойынша бірлескен шараларды қабылдау. Аймақтың қауіпсіздік мәселелері тек ынтымақтастық арқылы шешіледі.
Ұлы державалардың көтерілуі мен құлдырауы тұрақты цикл. Өркениеттер қақтығысы туралы ескірген идеяларды, сондай-ақ қырғиқабақ соғыс пен нөль ойын менталитетін жеңе отырып, ШЫҰ жаңа халықаралық қатынастарды дамытуға және адамзат үшін ортақ болашақты құратын қоғамдастық құруға ықпал ететін жаңа типтегі халықаралық ұйымның үлгісі болды.
Қабылдаушы ел саналатын Қазақстан мен Орталық Азияның өзге де мемлекеттері үшін бұл жиын – алып һәм қуаттырақ көршілермен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың бірден-бір жолы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!