{metadescription}
Тасқын: Мектептерді жөндеуге тағы 7 жарым миллиард теңге бөлінбек
Тасқын: Мектептерді жөндеуге тағы 7 жарым миллиард теңге бөлінбек

Тасқын: Мектептерді жөндеуге тағы 7 жарым миллиард теңге бөлінбек

Көктемгі топан судың салдарын жоюға тағы 7 жарым миллиард теңге бөлінбек. Үкіметтің төтенше резервінен алынатын қаражат негізінен білім ошақтарын жөндеуге жұмсалмақ.

Миллиардтар Ақтөбе мен Қостанай облысында 6 балабақша мен мектеп тұрғызуға жұмсалады. Сондай-ақ Ақмола облысындағы білім беру мекемелері жөнделеді деп жоспарланып отыр. Қаражат осы облыстардың әкімдіктеріне аударылады. Олар бірінші желтоқсанға дейін ақшаны игеріп, оқу-ағарту министрлігіне есеп беруі тиіс.

Үкіметтің бұл қаулысы ашық норматив құқықтық актілер порталында талқыға шығарылған.

Еске салсақ, наурызда еліміздің батысы мен солтүстігін топан су басып, жұртты әбден әбігерге салған еді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қызыл судан 26 нысан зардап шеккен. Оның бірі бөбекжай, екіншісі колледж жатақханасы , қалғаны мектептер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде