Кәмелетке толмаған баланы көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынады
Бүгіннен бастап кәмелетке толмаған балаларды жанында ата-анасы болмаса қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынады. Мәжілісте жыл басынан бері талқыланып, өзгеріске ұшыраған заң бүгіннен бастап күшіне еніп отыр.
Автор: Бек Әбиев
04.07.2024
16 жасқа дейінгі жасөспірім қалтасында ақшасы болмаса да, автобустан түсірілмейді. Бұған дейін кей өңірде жолақы төлемеген балаларды жарты жолдан түсіріп кету деректері тіркелген. Осыдан кейін заңға өзгерістер енгізуге тура келді. Бүгін күшіне енген құжатқа сай, балаларды «автобустан түс» деген кондуктор мен жүргізуші заң алдында жауап береді. Балаларды жолда қалдырмас үшін, Шымкентте мамырдан бастап оқушылар мен колледж студенттеріне жолақы тегін болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!