{metadescription}
Лудомания: Төрт айда 130 мыңнан астам азамат бәс тігуден бас тартқан
Лудомания: Төрт айда 130 мыңнан астам азамат бәс тігуден бас тартқан

Лудомания: Төрт айда 130 мыңнан астам азамат бәс тігуден бас тартқан

Елімізде өзін құмар ойыннан шектеген азаматтардың қатары көбейіп келеді. Небәрі төрт айда 130 мыңнан астам қазақстандық eGov арқылы онлайн өтініш тастап, бәс тігуден бас тартқан. Ондай азаматтарға лицензиясы бар ойын порталдарына, онлайн-казиноларға және ойынханаларға кіруге рұқсат жоқ.

Бұған дейін азаматтар өтінішті тек жазбаша түсіретін. Бірақ одан нәтиже шықпады. Өйткені үш жылда небәрі 5 мың адам ғана өзін ақшалай ұтысқа қатысудан шектеген. Кейін туризм және спорт министрлігі мұны eGov порталына енгізді. Яғни әр лудоман өзін 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге бәс тігуден шектеуге ұялы телефоны арқылы өтініш тастай алады. Осылайша, өңдеуге кететін уақыт азайып, букемер кеңселерден өзін алып тастау процесі жеңілдетілді.

Бүгінде елімізде құмар ойынға тәуелділік індеттей таралғаны рас. 2022 жылы 3 мыңнан астам адам ойынқұмарлықтың кесірінен суицид жасапты. Сондықтан бұл онлайн жүйесінің елімізге маңызы зор.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде