{metadescription}
Сақ бол: Қарбыз-қауын саудасы қызды — мамандар кеңес береді
Сақ бол: Қарбыз-қауын саудасы қызды — мамандар кеңес береді

Сақ бол: Қарбыз-қауын саудасы қызды — мамандар кеңес береді

Қарбыз-қауын саудасы шіліңгір шілдемен қоса қызып жатыр. Алматы, Шымкент, Таразда орта есеппен қарбыздың келісі 150 теңгеден сатылуда. Бірақ қаланың кейбір жерінде 300 теңгеге дейін барады. Алайда жұрттың бақша дақылылын аңсап қалғаны соншалық, сауда нүктелері қарбызды бір күнде тонналап өткізеді екен.

Алматыда қақаған қыста да табылатын қарбыз-қауын жаз шыққалы тіптен қаптады.Тұтынатын маусым басталмаса да, сұраныс көп болған соң, сауда нүктелерінде де, жол бойында да үйіліп, тау болып жатыр.

Бауыржан Нұрпейісов, сатушы:

Қарбыз күнделікті келіп отырады. Базардан өзіміз алып отырамыз. Түркістан, Шымкенттен жеткізіледі. Қазір бағасы 150 теңге, маусым басталса 70-80 теңге болады. Күніне бір жарым тоннадан қарбыз, ал қауын 300-400 келідей сатылады.

Ал бақша дақылдарының Отаны саналатын оңтүстікте маусымға дейін қарбыздың келісі 600 теңгеден сатылыпты. Жаз шыққан бойда Шардара, Жетісай мен Ордабасы ауданындағы егін даласынан әкелінеді. Ол жақта 60 теңге тұратын қарбыз базарға жеткенше 100 теңге дейін көтеріледі. Кейін сатушылар үстінен тағы қосады.

Баян Қыстаубаева, сатушы:

Келісі 150 теңге. Қауын 250-300 теңгеден. Күніге қарбыз 500 келідей өтеді. Қауын 100-200 келідей. илодай өтеді. Қарбызға сұраныс жақсы, жылда тоннаға дейін сатамыз. Бастамасы жақсы боп жатыр.

Тонналап сатылатын қауын-қарбыздың бәрі бірдей піскен, дәмді бола бермейтіні мәлім. Кейде жарамсызына да тап болып жатамыз. Сондықтан таңдағанда сақ болған жөн.

Үйіліп жатқан қауын-қарбыздың жақсысын таңдаудың өзі бір өнер. Біріншіден, өнімнің түсіне қараймыз. Жап-жасыл болуы керек. Бірақ кейде осындай сарғышы болады. Бұл жерде жатқан беті деген сөз. Яғни күннің астында піскен таза, табиғи қарбыз. Соынмен қатар шерткенде шыққан дыбысын да тексереміз. Ерекше дыбыс шығады. Мысалы, мынау жақсысы. Мынау одан да күштірек екен. Кесіп көрейік. Қып-қызыл. Дәмін көрейік. Керемет.

Алаңсыз тұтынатын кез келмесе де, қарбыз-қауынды аусап қалған қараша көп. Бағасы да қымбаттау, нитрат болуы мүмкін деп жатқан қараша жоқ. Дегенмен қауіппен қарайтындары да бар.

Дәрігерлердің жылда айтатын кеңесі: тамыз басталмайынша, қауын-қарбызды тұтынудан тартынған жөн.

Салтанат Әлібаева, Жамбыл облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Көшеде, жол бойында, жерде жатқан, ашық жерде жатқан қарбызды сатып алудан аулақ болыңыздар. Себебі, қарбыздың зиянды заттарды өзіне жинайтын қасиеті бар.

Қауын-қарбыздан жаппай улану биыл тіркелмепті. Дегенмен санитар мамандар көтерме сауда орындарында жиі тексеріс жүргіземіз дейді.

Кенжегүл Қонысбаева, Алматы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Қарбыз-қауынның көптеп келетін жері «Алтын орда» базары. Ол жерде зертхана бар, партия-партиясымен тексеріледі. Жоқ деуге болмайды. Кей жағдайда, бәрін тексермегендіктен, арасында көп мөлшерде нитраттар болуы әбден мүмкін.

Ауырып, ем іздемей, ауырмайтын жол іздегіңіз келсе, химикаттарды анықтайтын арнайы құрылғыны сатып алған жөн дейді дәрігерлер. Сонымен тек қауын-қарбызды ғана емес, кез келген көкөніс, жидек құрамындағы нитратты анықтай аласыз. Денсаулығыңыз тек өз қолыңызда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде