{metadescription}
OYU live музыкалық YouTube-жобасының VII маусымы басталады
OYU live музыкалық YouTube-жобасының VII маусымы басталады

OYU live музыкалық YouTube-жобасының VII маусымы басталады

Бүгін елімізде OYU live музыкалық YouTube-жобасының жетінші маусымы басталады. Мақсаты – Орталық Азияның талантты музыканттарының танылмал болуына көмектесу. Жобаның жетінші маусымында алғаш рет продюсерлердің бас демеушісі пайда болды. Бұл Қазақстандағы ең инновациялық компания – Kaspi.kz.

Ұйымдастырушылар мен әншілер мұндай ынтымақтастық қазақстандық музыканы жоғары деңгейге көтеріп, жаңа жұлдыздардың жарқырауына мүмкіндік береріне сенімді.

Түсірілім алаңында әншілердің дайындығы басталады. Барлығы толқып жүр. Дәл уақытында грим жасап, киініп, режиссер белгілеген уақытта әнді бастап кету маңызды. Түсірілім орны «Қазақфильм» киностудиясының тарихи павильондарының бірі.

OYU live, YouTube-тегі музыкалық жоба. Әртістердің акустикалық орындауына, импровизациясыына және жаңа аранжировкаларға негізделген. Мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азияның музыкасын зерттеп, ілгерілету. Продюсерлер Kaspi.kz көмегімен жетінші маусымды түсіруге шешім қабылдаған. Дәл осы инновациялық компания отандық ауқымды музыкалық жобаның бас демеушісі болды. Продюсерлер жобадағы әр әншінің талантты екенін айтады. Егер ол көрерменге ұнаса, сөзсіз, сахнада жарқырайды. Мұнда әркімнің өз тарихы бар.

Asiya:

OYU live мағанқымбат, жүрекке жылы проект. Себебіірінші маусымда болашақ күйеуіммен таныстым, кішкентай қызым дүниеге келді. Мен сияқты творчествалық адамдарға күшті мүмкіндік.

Продюсерлер жетінші маусымды Kaspi.kz көмегімен түсіруді шешкен. Дәл осы инновациялық компания отандық ауқымды музыкалық жобаның бас серіктесі болды.

Еркебұлан Күрішбаев, бас продюсер:

Kaspi-ге көп рахмет, алғысымды айтқым келіп тұр. Біздің жобада идеология бар, қазақстандық музыканы дамыту, қазақстандық мәдениетті дамыту. Жас әртістерді қолдау, сахнаға шығару дегендей. Сондай мақсаттарымызды қолдағаны үшін көп рахмет айтқым келеді.

Quanyshbek Nurgazy:

Бұл жоба біріншіден таныстырады. Тек өз студиясында, өз қаласында, ауылында істеп жатқан адам көп. Сол сияқты біз де, мен де, өзіміздің студиямызда жүрген адаммын. Мені шақырып, қолдау көрсетіп жатыр. Сондықтан OYU - ға көп-көп рақмет!

Ryso:

Негізі қазақша музыка өз бағытын тапты деп ойлаймын. Қазір талантты, күшті артистер пайда болып жатыр. Индустрия өсу үшін осындай жобалар қажет. Kaspi-дің қолдауымен болып жатыр .

Қырғызстанның жас жұлдызы Руслан Айдар «Қазақфильм» студиясына тікелей Бішкектен келді. Ол қазақстандықтарға «Жашсың» әнімен танымал және «Жатақханадан шыққан миллионерлер» сериалында басты рөлдердің бірін сомдады.

Руслан Айдар:

Мұндай фестиваль қажет, шығармашылықты дамыту керек, өйткені мәдениет пен шығармашылықсыз қоғам дамымайды.

OYU live-та продюсерлер жастарға, аңызға айналған әншілерге және қазіргі танымал жұлдыздарға да жол ашу мақсатта жұмыс істейді. Аңыздардың бірі Нұрлан мен Мұрат.

Нұрлан мен Мұрат:

Керемет болды, қайта басынан бастау деген сияқты. Біргеміз ғой, халықтың алдына шығып, қолдауды естіген кезде, бізге қол соққанын көрген кезде, қайтадан шығармашылыққа бет бұруға, жалғастырып алып кетуге шабыт алдық OYU дами берсін дейміз. Жыл сайын бола берсе екен деген ниет бар.

Ұйымдастырушылар фестивальді Алматы мен Астанамен қатар, еліміздің барлық аймағында өткізуді жоспарлап отыр. Ал жетінші маусымның эпизодтары әр бейсенбіде, 4 шілдеден бастап oyulive арнасында шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде