{metadescription}
ШЫҰ саммиті: 25 құжатқа қол қойылып, ұйымға үміткер елдер тізімі қаралды
ШЫҰ саммиті: 25 құжатқа қол қойылып, ұйымға үміткер елдер тізімі қаралды

ШЫҰ саммиті: 25 құжатқа қол қойылып, ұйымға үміткер елдер тізімі қаралды

Шанхай ынтымақтастық ұйымының сапына бүгін Беларусь мемлекеті ресми кіріп, толыққанды мүшесі атанды. Астанада Қазақстанның төрағалығымен төртінші рет "Шанхай ондығына" айналған саяси бірлестіктің саммиті өтті. Кешеден бері сол жағалауда қозғалыс тоқтап, қала тіршілігі мәртебелі қонақтарды күтуден сәл саябырсыды. Бас-аяғы 25 құжатқа қол қойылып, ұйымға кіруге дәмелі елдер тізімі қаралды.

Астанада кешеден бері мейман аяғы үзілген жоқ. Премьер-министр Олжас Бектенов сағат сайын ұшып келген мәртебелі меймандарды халықаралық әуежай мен басты резиденция арасында күтуден қолы тимеді. Барлығы ұйымның да, ұйымы бар, десе де, қазақ елі үшін бәсі жоғары, мәртебесі биік Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне ат басын бұрғандар.

Әуел баста Шанхай бестігі болып құрылған одақ, бүгін Беларусь мемлекетімен толығып, әлеуеті қуатты ондыққа айналған жайы бар. Бәрінен де Тәуелсіздік сарайына маңызды құжатқа қол қоюға келген Александр Лукашенко дән риза. Әріптесін тарихи сәтпен құттықтаған Қасым-Жомарт Тоқаев «Беларусь барлық ресми сатыдан сәтті өтті» деп қорытындылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Бірлескен күш-жігер, шанхайлық рухты нығайту және Шанхай қағидаттарын ілгерілету арқылы, біз Шанхай ынтымақтастық ұйымын ең беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық. Бүгін Астанада өтетін саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. Осыған байланысты Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүшелікке өту үшін қажетті рәсімдерді аяқтады.

Ұйымның құрамына кіретін ондықтан бөлек, 3 бақылаушы мен 14 диалог жөніндегі серіктесі бар бүгінде. Осылайша әлем халқының 45 пайызын қамтып отыр. Бүкіл әлемнің сауда-саттығының 15 пайызы да осы саяси бірлестіктің еншісінде. Ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған мына заманда көршілердің тату болуы ауадай қажет. Сондықтан сарапшылар ұйым стратегиясы Қазақстанның ұстанымымен тұспа тұс келеді деп отыр.

Ерлан Ахмади, саяси сарапшы:

Біріккен ұлттар ұйымы глобалды, универсалды ұйым болып табылса, Шанхай ынтымақтастық ұйымы осы өңірдегі, Еруразия континентіндегі маңызды ұйым. Бірақ ұстанымы БҰҰ ұстанымына жақын. Яғни бар мемлекеттерді бірлікке шақыру, мәселені найзаның ұшымен емес, қаламның ұшымен ,столдың басында шешу.

Қазақстан бас-аяғы төрт рет ұйымға төрағалық еткен. Соңғы үшеуінде бас қаламыз Астана меймандарды күтіп алған. Осы жылдар ішінде еліміз саяси, сауда-экономикалық, ғылым салаларын дамытуда өз керегін алды деп есептейді отандық саясаттанушылар.

Дамир Белгібаев, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Шанхай ынтымақтастық ұйымының үлкен мүшесі Қытай деп айтсақ болады. Қытайдың батысқа есігі Қазақстан. Сондықтан Қазақстан Қытаймен достық қарым-қатынасты жөндеп, әрі қарай нығайту арқылы Еуропаға есік ашылатынын тікелей түсініп отыр. Қазақстан жерімен өтетін 13 автомобиль магистралі бар. Оның 11 мың шақырымын осы ШЫҰ арқасында жөндеп алуға тырысады.

Соңғы жылдары Үндістан, Иран мен Беларусьтің ұйымға мүшелікке өтуі Шанхай ынтымастастық ұйымының салмағын арттыра түскен. Бүгін 25 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде негізгісі Астана декларациясы. Ал алдағы екі жылы Ұйымның бас хатшысы болып бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тағайындалды.

Шеттен келген әлем лидерлері Қазақстан төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кеңесіне бірауыздан жоғары баға беруде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл самитте мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылғанын айтты. Әрине, Ұйымға мүше мемлекеттер үш зұлым күш терроризм, экстремизм, сепаратизмнің ізін кесуде бірігуді сұрады. Келесі ұйым төрағалығы Қытайға өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде