Автобус апатынан алты адам ажал құшты
Алматыда тағы да автобус апатқа ұшырап, 5 адам зардап шекті. Нөмірі 8-ші бағыттағы қоғамдық көлікке «Тойота» маркалы микроавтобусы екі көшенің тура қиылысында соғылған.
Автор: Әсем Лесбек
05.07.2024
Қатты соққыдан Тойота көлігі бірнеше метрге айналып әрең тоқтапты. Ал автобус тротуардың үстіне бір бүйірімен шығып кеткен. Апат салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінді. Естеріңізге салсақ, өткен аптада ғана жолаушыға толы автобус осылай жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапқан. Тағы 25 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген-ді. Жол апатына себепкер болған танымал продюсер келіншек қамалып, кейін емізулі баласы бары ескеріп үйқамаққа жіберген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!