{metadescription}
Алматы облысындағы «Алтын орда» базарындағы дау тоқтар емес
Алматы облысындағы «Алтын орда» базарындағы дау тоқтар емес

Алматы облысындағы «Алтын орда» базарындағы дау тоқтар емес

Не орны, не ақшасы жоқ! Алматы облысындағы «Алтын орда» базарындағы дау тоқтар емес. Миллиондап ақшасын құйған мұндағы саудагерлер әлі сол жаңа павильонға жете алмай жүр. Қыруар қаржыны жинаған базар басшылығы қазір жоқ. Былтырдан бері өздері істі болып жатыр. Алдандық деген саудагерлердің тергеу барысына да көңілдері толмайды. Десе де, құрылыс тоқтаған жоқ, жаңа жылға дейін жаңа павильон дайын болады деп сендірдің бүгін сауда кешенінің қазіргі басшылары. Базардағылардың базынасын тілшіміз Шапағат Мырзабекова тыңдап келді.

Жылдар бойы осы «Алтын Ордадан» нан-суын айырып жүрген саудагерлер бүгін тағы жиналды. Барлығының базынасы бір. Жылы, жарық, жайлы орынға барамыз деп жаңа павильонға миллиондап ақшасын төлеген. Бірақ сол жаңа орын екі жылдан бері жыр болып келе жатыр. 

Гүлайым Мақашева, кәсіпкер:

Ақша құйғанда ол кісілер бізге 5-6 ай бойы міне мынандай, тек қана чек берді. Біздің қолымызда мынандай договор болған жоқ. Мынандай келісім-шарт болған жоқ. Содан біз 5-6 ай бойы бірақ сұрадық, бізге договор беріңіздер. Договорға отырайық, чтобы спокойно отыру үшін.

Бауыржан Ержанұлы, кәсіпкер:

Біз сеніп қалдық оған. Сеніп қалдық. Ол екі жарым-үш миллионнан асқаннан кейін біз уже қорқа бастадық. Бұл ақша қайда кетіп жатыр? Сөйтіп жүрген кезде, базар ауысты деді. Біз қысқасы кімге барарымызды білмей қалдық.

Бір жарым миллиардтан астап теңгені жинап, жаңа павильон уәде еткен басшы қазір қамауда отыр. Тергеуі де әлі бітпеген. Бүгін саудагерлер тағы жиналып жатыр деген соң Данияр Әлипевтің заңгері ақшаның қайда екенін айтуға келген.

Бауыржан Бибатыров, заңгер:

Бізде барлық келісімдер бар. Бұл жағдайда ол өз ақшасын ұрлауға ниеті болған жоқ. Барлық ақша құрылысқа құйылды. Біз бәрін заң жүзінде болғанын қалаймыз. Саудагерлердің шағымы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Бірақ саудагерлер мұндай жауаптан әбден мезі болған сияқты. Заңгерге ары қарай ауыз аштырмай, шулап кетті.

Бұл іс те әлі біразға созылатын сыңайлы. Десе де, дәлелдің барлығын құзырлы органдарға өткіздік деп отыр базардың қазіргі басшылығы. 

Ізбасар Өтеулин, «Алтын Орда» базары атқарушы компаниясының заңгері:

Иә, 2 миллиардан астам ақша жиналған. Сараптама қорытындылары бойынша, бұл қаражат сол күні құрылыс салушыларға жіберілген. Алайда ол компанияның басшысы базардың бұрынғы иесінің досы болып шыққан. Бұл құр сөз емес. Дәлел болатын құжаттар тергеу органдарында.

Десе де, іс созылғанымен құрылыс тоқтамайды деп сендірді басшылық. Жаңа сауда нысаны енді жоспар бойынша жылдың аяғында берілмек. Келісім-шарты қайта жасап жатқан саудагерлерге күтуден басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде