{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне қатысты сот үкімі өзгертілді
Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне қатысты сот үкімі өзгертілді

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне қатысты сот үкімі өзгертілді

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне қатысты сот үкімі өзгертілді. Бұған дейін Ғалия Ысқақова «Дипломат» қонақ үйіне қатысты қылмыстық іс қаралған тұста күйеуінің ісінде делдалдық жасап, пара бергені үшін істі болған.

Ғалия Ысқақова күйеуінің адвокаты Мұстақым Төлеевтің қолына ұстатқан 140 мың АҚШ доллары экс-министрдің жазасын жеңілдету үшін лауазымды тұлғаларға берілуі тиіс қаражат болатын. Сотталушылардың арызы бойынша апелляциялық тәртіпте қаралған іс қорытындысы бүгін түс ауа белгілі болды. Бұған дейін 6 айға сотталған Мұхамедиұлының бәйбішесінің ісі «парақорлыққа делдал болу» бабынан «қылмысқа дайындалу» мен «қылмысқа оқталу» бабына ауысты. Осылайша, Ысқақованың былтырғы 5-ші шілдеден бастап үйқамақта отырғаны ескеріліп, 6 айға сотталған жазасы толық өтелді деп есептелді. Ал Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі мен адвокаты Мұстақым Төлеевке қатысты сот үкімі сол күйі өзгеріссіз қалды. Естеріңізге сала кетсек, жыл басында Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Дипломат» қонақүйі мен Ұлттық музейге қатысты қылмыстық ісі бойынша Мұхамедиұлын кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде