{metadescription}
Мұнайлы ауданындағы орталық саябақ тозып кеткен
Мұнайлы ауданындағы орталық саябақ тозып кеткен

Мұнайлы ауданындағы орталық саябақ тозып кеткен

Саябақтың сиқы қашты. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы орталық саябақ әбден тозып кеткен. Тұрғындар бұл жерде серуендеу мүмкін емес дейді. Себебі саябақтың құрылысы бітпей жатып, тұралап, егілген тал-теректер қурап, қараусыз қалыпты. Бұл ауылда жасыл желек жұтаң. Сондықтан жергілікті жұрт тым құрығанда орталық сабақтағы көгалдандыруға көңіл бөлінсе дейді. Сұрықсыз саябақты әріптесім Айгерім Ашықбаева аралап көрді.

Шерқала елді-мекенінің тұрғыны Ляззат Байсарова саябақтың бүгінгі келбетіне алаңдайды. 5 жыл бұрын құрылыс басталғанда бөркін аспанға атып қуанған екен. Себебі жасыл-желек пен таза ауада серуендеп, демаламыз деп армандаған. Алайда саябақтың бүгінде сиқы қашып, тозып тұр дейді.

 

Ләззат Байсарова, Шерқала ауылының тұрғыны:

Басталғанына қуанып едік, үлкен кісілердің демалатын жері бар-ау деп. Ағаштарымыздың тұрысы мынау, өмірі суарылмайды, жылда егіледі. Оқушылар жүретін тротуарға салынды.

 

Мұндағы саябақтың тең жартысы қу тақырға айналған. Арам шөп басып, қураған ағаштар ғана қоқайып тұр. Тұрғындардың үміті үзілер емес. Сақалды құрылыс жанданып, саябақта серуендейтін күн туса дейді.

 

Мырзағали Нұржанов, Маңғыстау ауылының тұрғыны:

Заказчик дұрыс жасамай кетті, онымен соттасып жатырмыз деді, басқа біреуді тауып істетеміз, ақша күтіп отырмыз деді. Жұмыс істелмей келе жатыр, балалардың ойнайтын жері жоқ, площадка жоқ, балдар жолда футбол ойнайды, самокат айдайды.

 

Айгерім Ашықбаева, тілші:

Доп та жоқ, бала да жоқ, қаңыраған дала ғана. Бұл жер 5 жыл бұрын тұрғындардың сүйікті орны – футбол алаңы болуы тиіс еді. Алайда, бұл жерді дәл қазір салдыраған темір мен қураған шөп қана басқан.

Ал, ауыл әкімі осыған дейін құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты мердігердің құрылысты жалғастырудан бас тартқанын айтады. Енді қайтадан жобалық құжат дайындалыпты.

 

Айдос Әбдіқадыров, Маңғыстау ауылының әкімі:

Сметасы соңғы үлгіде жасақталып, қазіргі таңда қаражаты толық бөлінді. Бүгінгі таңда конкурс жұмыстары жүргізілуде. Қорытындысы шыққаннан кейін жұмыстар басталатын болады.

 

Тамыз айында саябақта құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарланған. Енді тағы мердігерлер бас тарпаса жұмыс жанданады деп сендірді,әкімдіктегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.