Оралда әлеуметтік желі арқылы вейп сатумен айналысқан азамат ұсталды
Оралда әлеуметтік желі арқылы вейп сатумен айналысқан азамат ұсталды. Ол электронды темекіні телеграмм арқылы таратып отырған.
Автор: Сәбит Әлдебай
05.07.2024
Күдіктіні өңірдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады. Ол зиянды затты кәмелетке толмаған балаға сату кезінде қолға түскен. Күдіктінің тұрғылықты жерінен жүзге жуық электронды темекі мен 137 сұйықтық құйылған құрылғы табылды. Енді заңсыз әрекетке барған азамат 50 тәулікке қамалып, 200 сағат қоғамдық жұмысқа жегілуі мүмкін. Айта кетейік, Алматы облысында да құны 2 миллион теңге болатын вейптер тәркіленді. Заңсыз кәсібін әлеуметтік желі арқылы дөңгелетіп келген азамат енді қомақты айыппұл төлеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!