{metadescription}
Билікті оппозиция қолға алды
Билікті оппозиция қолға алды

Билікті оппозиция қолға алды

Билікті оппозиция қолға алды. Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак сайлауда өз партиясының жеңілгенін мойындап, лауазымын босатты. Осылайша, лейбористер араға 14 жыл салып билікке қайта келіп отыр.

Олар парламенттің Қауымдар палатасындағы 650 орынның 400-ден астамын иеленген. Ал, консерваторлар тек 100-ден аса дауыс жинапты. Бүгін ресми түрде басымдықпен жеңіске жеткен лейбористердің жетекшісі Кир Стармер Үкімет тізгінін қолға алды. Су жаңа премьер биыл 62 жасқа толады. Әлемнің ең үздік университеттерін заңгер, азаматтық құқық мамандығы бойынша тәмәмдаған. 4 жылдан бері лейбористер партиясына жетекшілік етіп келді. Ал, орнын босатқан Риши Сунак Ұлыбританияның ең жас үкімет басшысы және елді басқарған алғашқы үндіс болып тарихта қалды. Консерваторлардың жетекшісі 2022-ші жылы билікке келерде ұлыбритандықтарға инфляцияны екі есе азайтып, мемлекеттік қарызды айтарлықтай түсіріп, жалпы ішкі өнімді көтеремін деп уәде берген. Бірақ, биыл тек инфляцияны ғана ретке келтіре алды. Сәйкесінше, қымбатшылықтан қиналған халық та наразылығын үдетті. 14 жылдан кейін үкіметке келген лейбористер болса, елге өзгеріс алып келеміз деп сендіріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде