Алматыда электросамокатты пайдаланатындар саны күрт көбейді
Алматыда электросамокатты пайдаланатындар саны күрт көбейді. Сәйкесінше, жол апаттарына да жиі түсіп жатыр. Тек соңғы жарты жылдың ішінде 500-ге жуық жол апаты тіркелген. Бүгін арнайы шара ұйымдастырылып, қала тұрғындарына самокатпен дұрыс жүру ережелерінің түсіндірілуі де сондықтан. Мұндай шара қаладағы жол апаттарының азаюына ықпалын тигізеді деп сенеді мамандар. Акцияға тілшіміз Ақтоты Жұмабек те қатысып қайтты.
Автор: Ақтоты Жұмабек
05.07.2024
Электросамокатта дұрыс қозғалу курсы алматылықтарды бірден қызықтырды. Келушілердің көбі жастар. Арасында көлік құралын бірінші рет айдаған да бар. Олар жол жүру ережелерімен танысып, арнайы тұрақтарды зерттеді.
Марат Мұратов, Алматы қаласының тұрғыны:
— Мұндай акциялар өте қажет. Себебі қазір саябақтардағы жаяу жүргіншілер осы электросамокатта қашады. Өйткені адамдар жол жүру ережелерін дұрыс білмейді. Мен шынымды айтсам бүгін 1-ші рет электросамокатты айдадым. Енді күніне ең болмағанда 10-15 минут ереже бойынша жүріп тұрамын.
Нұсқаушылар тек ережені түсіндіріп қана қоймай, самокаттың құрылымы мен түрлі функцияларын айтты. Мұндай сабақ 10 минут уақытты ғана талап етеді екен. Сәйкесінше, қалада ереже бұзушылар азаяды, дейді мамандар.
Даниил Капцан, Кикшеринг компаниясының халықаралық коммуникациялар бөлімінің басшысы:
— Бұл шара барлық қала тұрғындарын электронды самакоттармен жүру ережелерін үйретуге бағыталған. Бұл тегін, кез-келген адам келіп толықтай осы жерден оқудан өте алады. Жүргізу оқу- жаттығу екі бөліктен тұрады теориялық бөлігі, ол келген оқушыны барлық жол ережелерін және ол басты ережелерді үйретеді. Және практикалық бөлігі: ол арнайы нұсқаушылар электр самакатардың техникалық бөліктерін көрсетеді және өздеріне барлығын жасап көруге береді.
Қазір микромобильді көліктің қозғалысына қатысты талаптар қатаңдатылса да, оқыс оқиғалар азаймай отыр. Жыл басынан бері шаһарда 500-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан сегіз адам қаза тапса, 400-ден астам адам түрлі дене жарақатын алған екен.
Болатбек Баятанов, Алматы қалалық ПД ӘПБ бастығының орынбасары:
— Сондықтан үкімет тарапынан да бұл мәселеге байланысты көптеген заңдарға өзгертулер енгізілді. Қазіргі таңда электросамокат жүргізушілері де, оларға да жол жүру қағидалары бойынша белгілі бір талаптар мен ережелер бекітілген. Сомакатты басқаратын адам көше жол торабында сомакатты басқару үшін 18-ге толуы керек.
Ақтоты Жұмабек, тілші:
— Ия кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар 18 жастан асқан адамдарға жол бойында самакатпен жүруге рұқсат етілген. Алайда сіз міндетті түрде арнайы бас киім мен жарық шағылыстыратын киім киюіңіз керек. Бұл өзіңіздің және өзгенің қауіпсіздігі үшін міндетті. Сондықтан жол ережесін қатаң сақтап, жолда абай болайық!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!