{metadescription}
СҚО-да бір үйдің екі баласы неден уланып өлгені анықталды
СҚО-да бір үйдің екі баласы неден уланып өлгені анықталды

СҚО-да бір үйдің екі баласы неден уланып өлгені анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі баласы неден уланып, көз жұмғаны анықталды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, бүлдіршіндердің өліміне нитриттар, яғни ысталған етке тіл үйірер дәм мен хош иіс беретін химиялық қоспа себеп.

Надёжка ауылында бүтін бір отбасы өткен айда уланып, ауруханаға түскен. Олар кешкілік асты ішкеннен кейін бірінен соңы бірінің іші ауыра бастаған. Коваленколар отбасы жергілікті мейірбикенің көмегіне жүгінгенімен, көп ұзамай үш жасар ұл баласы мен алты  жастағы қызы қайтыс болған. Ал 28 жастағы анасы мен он жастағы үлкен ұлы жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Бірақ отағасына дәрігерлердің көмегі қажет болмапты. Қос бүлдіршінінен айырылған ата-ана сол күні пицца, шұжық жеп, газдалған сусын ішкен. Дүкеннен дайын тұшпара сатып алып тұтыныпты. Сол дүкенге санитар мамандар тексеріс жүргізген. Сөйтсе Коваленколар отбасы сатып алған тұшпара еш құжатсыз үйде жасалыпты. Заңбұзуға қатысы бардың бәріне айыппұл салынды. Алайда бүлдіршіндердің өліміне заңсыз сатылған тұшпара себеп емес екен. Сараптама қорытындысына сәйкес, жаппай улануға нитриттар себеп болған. Бұл химиялық қоспа ысталған етке дәм беру үшін пайдаланылады. Дегенмен адам өміріне қауіпті мөлшердегі нитриттың нақты қандай тағамнан шыққаны әзірге белгісіз.

Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бірқатар сараптама жүргізілді. Олар нәтижесіне сәйкес, балалардың өліміне нитриттермен улану себеп. Қазір істің барлық мән-жайын толық және обьективті зерделеуге бағытталған сотқа дейнгі тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде