{metadescription}
Семейде әскери бөлімшенің мүлкін ломбардқа тапсырған офицер сотталды
Семейде әскери бөлімшенің мүлкін ломбардқа тапсырған офицер сотталды

Семейде әскери бөлімшенің мүлкін ломбардқа тапсырған офицер сотталды

Бәс тігемін деп, басы дауға қалды. Семейде құмар ойынның құлы болып, қарызын жабу үшін әскери бөлімшенің мүлкін ломбардқа тапсырған офицерге сот үкімі шықты. Енді лудоман алдағы екі жарым жылын түрмеде өткізеді.

Офицер штабта топографиялық қызметтің бастығы болған екен. Отан қорғайтын азамат құмар ойынның құрбаны болған. Букмекерлік кеңседе спортқа бәс тігіп біраз ақша ұтылыпты. Сондықтан қарызын жабу үшін топографиялық құрылғыларды ломбардқа өткізіп жіберген. Осылайша, офицер мемлекетке 2 миллион теңгеден астам залал келтірілген. Әскери бөлімнің мүлкін жеке пайдасына жаратқаны үшін ол екі жарым жылға сотталды. Сондай-ақ, судья оны капитан әскери шенінен айыруға шешім шығарды. Енді, лудоман офицер материалдық шығынды толық өтеу тиіс. Дегенмен үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.