{metadescription}
Елімізде ақылы жолдардың тарифі өседі
Елімізде ақылы жолдардың тарифі өседі

Елімізде ақылы жолдардың тарифі өседі

Елімізде ақылы жолдардың тарифі өседі. Жаңа жылдан бастап қолданысқа берілетін Алматы-Қарағанды тас жолында қатынау әр шақырымға 3 теңгеден есептеледі. тАл оны төлеуден жалтарғандар 18 мың теңге айыппұл арқалайды. Үкіметте республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұдан былай жол төсеген мердігер компаниялар 7 жылға дейін жауапты учаскесіне бас-көз болуы міндеттеледі деді.

Қазынадан жыл сайын миллиондар емес, миллиардтар бөлініп төселген, көлік министрі мақтаған, «Қазавтожол» жақтаған — республикалық жолдар көктемгі су тасқынын көтере алмаған. Асфальттің басым бөлігі шайылып, ойдым-ойдым шұңқырға айналғанын премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жауапты сала басшысына қадап айтты. 

Жол азабын тартудай-ақ тартып жүрген шалғай аймақтағы ағайынның арыз-шағымы соңғы уақытта көбеймесе, азаймаған. Ал құжатта тап-тұйнақтай «тексерістен өткізілді» деп тапсырылған жолдар дәл осылай ұстасаң қолда үгітіліп жатқан жайы бар. 

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі: 

— Ақтөбе облысы Мұғалжар ауылының тұрғындары Жұрын мен Қаракөл ауылдарының арасында биыл төселген асфальттің сапасын көрсетті. Жаңадан төселген асфаль қолымен үгітіліп жатыр. Ал Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылының тұрғындары асфальт төсеу технологиясын сақтамаған мердігер компания өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. 

 Алысты — жақын, жақынды алыс қылу күре жолдың күтімі мен жағдайына байланысты екенін Марат Қарабаев жақсы біледі. Сондықтан ақылы жолдың тарифін өсіріп, мәселені шешпекші. 2013 жылдан бері бағаның қалыпта тұрғанын айтқан министр жолаушылардан түскен қаржының әр тиыны тек жол сапасын жақсартуға бағытталады деп отыр. 

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

— ЕРАП деген жүйе бар, автомобиль үшін автоматты түрде айыппұл жіберетін жүйе. «Сергек» жүйесі сияқты. Сол жүйемен интеграция жасалған. Екі аптаның ішінде төлемеген жағдайда айыппұл келеді. Айыппұл көлемі 18 мың теңге. 

Шетелдік көліктерге де салынатын айыппұл көлемі дәл осындай. Ал Жоғары аудиторлық палата дефолт алдында тұр деген "Қазақстан темір жолы" компаниясы біртіндеп тығырықтан шығуда дейді Қарабаев. Тозығы жеткен вагондар шетінен жаңартылып жатыр. "Соңғы рет желтоқсанда пойызбен сапарлаттым" деген министрдің сөзінше, қазақстандықтар билет тапшылығын сезінбес үшін әлі 3 мың вагон қажет. 

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

— Соңғы үш жылда ҚТЖ-ның құрамында 2500 вагон бар. Бізге қажет ететін вагон 3 мыңды құрайды. Өкінішке қарай, соңғы үш жылда істен шыққан вагон саны 600 болды. Ал жаңа алғандары небәрі 300. Яғни билетт тапшылығы да осыдан.

Жаз бастала сапарға шыққан қазақстандықтардың басты бас ауруы — дәретхана тапшылығы. Бар болса да, ыстық-суық суы бар, құны бақандай 18 млн теңгелік мұндай нысандар құдды бір дүкен іспетті сағат кешкі алтыдан кейін жабық болады. Министр көрер көзге ұялмай көрсететін дәретханалардың істен шығуына жолаушылар кінәлі деп отыр. Себебі жолшыбай қажетін өтеуге тоқтаған адамдар мұнда бала жөргегінен бастап, пластикалық бөтелкелер мен қоқысты үйіп кетеді екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде