{metadescription}
Еуропа чемпионаты да аяқталуға жақын
Еуропа чемпионаты да аяқталуға жақын

Еуропа чемпионаты да аяқталуға жақын

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты. Отандасымыз ресейлік Анна Калинскаяны 6:3, 3:0 есебімен жеңді. Ал футболдан «Астана» командасы мен «Каспимен» кездесіп, елордалықтар ақтаулықтардан 5:0 есебімен басым түсті. Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионаты да аяқталуға жақын. Бүгін Испания мен Франция алғашқы финалисті анықтайды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "үлкен дулыға" турнирінде кезекті рет жеңіске жетті. Отандасымыз Уимблдонның төртінші айналымында әлемнің 18-ші ракеткасы Анна Калинскаямен кездескен болатын. Ә дегенде ресейлік спортшы 3:1 есебімен алға шыққан. Бірақ қатарынан бес рет қателесіп, Рыбакина бірінші сетті 3:6 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де спортшымыз үш ұпаймен алда келе жатқан еді. Тек 51 минутта қарсыласы оң қолының жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Осылайша отандасымыз Уимблдонның ширек финалына шықты. Енді ол украиналық Элина Свитолинамен бәсекеге түседі.

Айта кетейік, украинаның бірінші ракеткасы Свитолина қытайлық қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Футболдан QFL Лига кубогының 2-кезеңінде «Астана» командасы Ақтаудың «Каспиін» тізе бүктірді. Елордалық клуб ойыншысы Ннамди Аханону 18 минутта алғашқы гол салып, командасын алға шығарды. Дәл сол жерден кейін Эльхан Астанов та соқты. Осылайша «Астана» командасы бірінші таймда екеу, екіншісінде үш гол салып үлгерген.

Германияда өтіп жатқан ала доп аламаны аяқталуға жақын. Бүгін түнде Еуропа чемпионатының жартылай финал ойындары өтеді. Алғашқы болып Испания мен Франция құрамалары «Арена Мюнхен» алаңында бақ сынасады.

Ал ертең Нидерланды мен Англия кездеседі. Осылайша жеңіске жеткен екі команда 14 шілде күні финалда өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының ширек финалынан кейін ең жылдам футболшылар рейтингі жарияланды. Бұл тізімде Килиан Мбаппе көш бастап тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде