{metadescription}
СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы қамауға алынды
СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы қамауға алынды

СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы пара алу кезінде қолға түсті. Облыстағы түрмелерге жауапты Әділет Мұстафин енді өзі де қамауда отыр.

Лауазымды полковникті ұстаған антикор бұл іс бойынша қандай да бір пікір беруден бас тартты. Тіпті Әділет Мұстафиннің параны кімнен және не үшін алғаны да белгісіз. Әзірге тек бір миллион теңге үшін тұтылды деген ақпарат бар. Ол ақшаны белгісіз әйелден жұмыс кабинетінде алып жатқанда қолға түскен. Қазір миллион теңге үшін басы бәлеге қалған шенді қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде