{metadescription}
Астанада өрт шыққан көпқабатты үйден әйел құтқарылды
Астанада өрт шыққан көпқабатты үйден әйел құтқарылды

Астанада өрт шыққан көпқабатты үйден әйел құтқарылды

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, әйел адам құтқарылды. Оқиға орнына дер кезінде жеткен, өрт сөндірушілер, оны жоғарғы қабаттың терезесінде салбырап тұрған жерінен аман алып қалған.

Жетінші қабаттағы пәтерден тілсіз жау сағат екілер шамасында тұтанған. Баспана ішіндегі жиһаздар мен тұрмыстық заттар отқа ораныпты. Лезде қою қара түтін торлағандықтан әйел терезеден қашып шығуға мәжбүр болған. Тіпті жансауғалап балконнан секірмек болыпты. Бірақ жетінші қабаттан қарғып кетуге жүрегі дауаламаған. Сондықтан салбырап тұрған әйелді құтқарушылар алтыншы қабаттағы терезе арқылы бір ажалдан арашалап қалды.

Жангелді Кажиқұлов, Астана ТЖД өкілі

7і қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаздары өртеніп жатқаны анықталды. 7-ші қабаттағы балконнан әйел адам құтқарылды. Өрт сағат 2-25 минутта толығымен сөндірілді. Өрт сөндіруге Астана қаласының департаментінің 12 адамы мен үш техника жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде