{metadescription}
«Мәжбүрлеп шеттетілдік». Алматы кардиология орталығы басшыларына шағым айтты
«Мәжбүрлеп шеттетілдік». Алматы кардиология орталығы басшыларына шағым айтты

«Мәжбүрлеп шеттетілдік». Алматы кардиология орталығы басшыларына шағым айтты

«Бас дәрігер бәрін жұмыстан қуды». Алматыдағы кардиология орталығының мамандары басшылары қысым көрсетіп, мәжбүрлі түрде жұмыстан қуғанын айтуда. Жүрек дертіне дауа іздеумен айналысатын ақ халаттылар бір жыл бұрын келген директор айлықты да қысқартты дейді. Күн көрсетпеген соң, көбі өз еркімен кетсе, біразы қысқартуға ұшыраған.

Ал емдеу мекемесінің директоры экс-қызметкерлерінің сөзін жоққа шығарды. Тіпті «осы орынға тағайындалғалы, ауруханада өлім-жітім дерегі азайды» дейді жаңа басшы.

«Жаңа басшының қуғын-сүргініне ұшырадық» деген дәрігерлердің алдының еңбек өтілі 35 жылды құраса, кейінгілері кемі екі жыл болғн. Былтыр шілде айынан бері орталықтың тізгінін ұстаған жаңа директор олардың әр қадамын аңдып, тырнақ астынан кір іздеп отырды дейді. Кіріс жиынтығына, қоймаға, ақыр соңында жалақыға тиісіп , бүтін бөлімді жұмыстан шығуға мәжбүрлеген дейді.

Гүлдана Егінбаева, шаруашылық бөлімінің меңгерушісі:

  Күнде 2-3 адам жұмыстан шығып жатқанда, маған да кезек  келетінін сезіп жүргем. Дәлізде көріп қалс, «сен неге ары-бері жүрсің» деп тиісе бастады. Ал менің жұмысым шаруашылық жайында. Жылдың аяғы, мені ешқандай жерге жұмысқа алмайды. Оған қоса жасым 53-те, 50-ден асқан кезде жұмыссыз қалғм келмейді. Өтініш мені басқа жерге қалдырыңызшы деп сұрадым.  Тіпті бір ай уақыт беріңіз дедім.  Маған сөгіс беруіңіз керексіз ғой, ал ол кісі маған тек кілтті алып қойып,  «жұмыстан шығасың»  деп айтты.

Күтпеген жерден жеп отырған нанынан айрылған дәрігерлер қысқартуға неге іліккенін білмей дал. Қызмет барысында ешқандай олқылық жібермегенін жеткізді. Емделуге келген науқастарды аяқтан тұрғызып, арасында кәсіби біліктілікті арттыруға да уақыт тауып тұрдық дейді.

Сәуле Ынтымақова, аға мейірбике:

  Былтыр ол кісі келе  салғанда, жыл аяғына дейін 150, қазір енді 300- ге жақын кетті. Шығуға мәжбүр болдым. Не себеп? Өйткені қараша айында маған «мейірбикелік жұмысты өткіз» деді, еш себепсіз. Мен сонша жыл жұмыс істеген жерде, менің осы жасымда басқа жерге барып жұмыс істеу мен үшін стресс болды. Жалақы ол кісі келгеннен кейін алты  айдың ішінде 50 пайызға төмендеді.

Нәпақасынан айырылған жұмысшылар қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына шағымданған. Басқарма өкілі арыз шағым аясында еш заң бұзушылақ анықталмағанын айтады. Қызметкерлерге жалақы уақытымен, тиісті көлемде беріледі. Бүгінде кардиология орталығында штат 90 пайыз қамтылған деп отыр.

Назгүл Иманғалиева, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

  Аталған ұжым өтініші 2023 жылдың қазан айында жолданды, өтініш бойынша прокуратура, еңбек инспекциясы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, кәсіподақ комитеті тарапынан тексеру жүргізілді. Заң бұзушылық анықталған жоқ. Қызметкерлерге жалақы төлеу барлық қажетті төлемді ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінде кардиология орталығының штаты 90 пайыз қамтылған.

Ал орталық директоры мен тағайындалғалы бәрінен бұрын «өлім-жітім азайды» дейді. Ауруынан айыққан науқас саны артып, аурухана көркейе түсті дегенге келтірді. Жұмыстан 300 адамның қуылғаны шындыққа жанаспайды екен. Үш айда небәрі 30 ға жуық адам өз еркімен қызметінен кетіпті.

Роза Қуанышбекова, Алматы кардиология орталығының директоры

Бір жылда өлім 200 пайызға төмендеді. Біз қазір пайдалы клиника болып саналамыз. Әріптестеріміздің жұмыстан шығатын себебі көп қой. Біреуі үйленеді, біреуі басқа жерге барып тұрмыс істейді. Қазан, қараша, желтоқсанды алсақ, сол кезден бастап 25-27 адам кеткен. Оларды ешкім қуған жоқ. Олар өздері кетті. Біз оның  орнына басқа адам алдық. БІздің жұмысымыз жаман болды ма, сол бір жылдың арасында? Жаман болған жоқ.

Орталықтан «мәжбүрлеп шеттетілдік» деген қызметкерлердің негізінен мекемеге қайта барғысы жоқ. Тек ондағы былықты әшкерелеп, әділдікке жетуді мақсат еткен. Олардың арыз шағымы бойынша денсаулық сақтау басқармасы еш мін таппаған соң, мәселеге Мәжіліс депуттарын араластыруларына тура келді дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде