{metadescription}
Париж олимпиадасы: Көк байрақты Асланбек Шымбергенов ұстап шығады
Париж олимпиадасы: Көк байрақты Асланбек Шымбергенов ұстап шығады

Париж олимпиадасы: Көк байрақты Асланбек Шымбергенов ұстап шығады

Президент Париж олимпиадасына баратын спортшыларды қабылдап, көк туды салтанатты түрде табыстады. Төрт жылда бір келетін доданың ашылу салтанатында көк байрақты Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов ұстап шығады. Қасым-Жомарт Тоқаев ел намысын қорғайтын спортшыларға жауапты миссия жүктелгенін айтып, сәттілік тіледі.

Президент пен Ұлттық құрама спортшыларының кездесуі Астанада өтті. Бірақ команданың негізгі бөлігі кездесуге Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығынан телекөпір арқылы қосылды. Қазір спортшылар олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

26 шілдеде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары басталады. Парижде өтетін дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 10 мыңнан аса спортшы жиналады. Спорттың 32 түрінен 300-ден аса медальды сарапқа салады. Ал төрт жылда бір өтетін спорт сайысына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғамақ.

Асланбек Шымбергенов, Бокстан әлем чемпионы:

Біз спортшылар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде тыңғылықты дайындық жасап, Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткіздік. Ел намысын абыроймен қорғау бізге сеніп тапсырылған аса жауапты парыз екенін сезінеміз. Өзімнің атынан және ұлттық құраманың капитаны ретінде барлық спортшылардың атынан көк байрағымызды Париж төрінде желбіретуге бар күш жігеремізді саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде