Лудомания: 21 жасқа дейін — тыйым. Бәс тігуге шектеу
Екі жыл бойы қызу талқыланып, Президент қол қойған лудоманияға қарсы заңды қоғам ұзақ күтті. Құжаттың қабылдануына шама-шарқы келгенше тосқауыл болуға тырысқандар да болыпты. Дегенмен мемлекет басшысы қол қойған құжат енді 60 күн ішінде күшіне енеді.
Автор: Айжан Шамшидин
10.07.2024
Заңдағы басты өзгеріс, енді 21 жасқа толмағандарға құмар ойынын ойнауға тыйым салынады.
Қазақстандықтар бәс тігуге өзіне шектеу қоюға мүмкіндік жасалды. Ол үшін әр азамат eGov қосымшасы арқылы өтініш беруі шарт. Букмекерлік кеңеселердің құрығына оңбай шырмалып, әбден қарызданғандарға енді мұндай мекеме есігі тарс жабылады.
Жалпы бүгінде бас-аяғы қара тізімге енген үш жарым мыңнан астам қазақстандық бар. Мемлекеттік қызмет сапында жүрген қызметкерлер де бәс тіге алмайды. Ережеге бағынбағандар еш ескертусіз жұмыстан шығарылуы мүмкін.
Марал Ибрагим, Астана әкімдігі жанындағы психологиялық орталықтың психолог-консультанты:
— Жасөспірім балалар сайтта тіркелген кезде туысқандарының, жақындарының нөмірімен тіркеле алатын. Қазір біреудің құжатымен өте алмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!