Үш айда алматылықтардың 180 мың теңгесі ішіп-жемге кетіпті
Азық-түлік пен сусынға көп қаражат жұмсайтындардың қатарында алматылықтар көш бастап тұр. Мегаполис тұрғындарының үш айда 180 мың теңгесі ішіп-жемге кетіпті.
Автор: Шапағат Мырзабекова
10.07.2024
«Финпром» сарапшыларының есептеуінше, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға дейін өскен. Тамаққа көп шығындалатындар тізімінің басында Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау жұрты тұр — жан басына шаққанда, тамақ пен сусынға кемі 150 мың теңгесін жаратады.
Ақтөбе және Алматы облыстарында шығыс құны 4 пайызға төмен. Қаражаттың көп бөлігі ет, сүт, нан, жарма өнімдеріне жұмсалады. Былтырмен салыстырғанда жалпы көрсеткіш шамамен 7 пайызға өскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!