Несие беру: Жұбайының келісімін талап ететін шарттар қаулысының жобасы жарияланды
Қанша ақшаны несиеге алғанда жұбайының рұқсаты керек немесе керек емес. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке тұлғаларға банктен қарыз бен шағын несие беру кезінде жұбайының келісімін талап ететін шарттарды нақтылайтын қаулының жобасын жариялады.
Автор: Әсем Лесбек
11.07.2024
Қаржы ұйымынан алатын несие көлемі 3 млн 692 мың теңгеден асса, ерінің немесе зайыбының келісімі керек. Ал рұқсатты жазбаша, не электронды түрде ресімдеуге болады. Жазбаша жазылған келісімде клиенттің зайыбы немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін адамы қол қояды. Онлайн келісім де жұбайының мақұлдауымен «Электрондық үкімет» порталы арқылы беріледі.
Cонымен қатар, егер жеке тұлға кредит төлеу мерзімін 90 күннен кешіктірсе, онда банк те, микроқаржы ұйымы да келесі жолы оған несие бермейді.
Қаулы жобасы айдың аяғына дейін талқыланып, 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!