{metadescription}
Олжас Бектенов: Қазақстан автомобиль шығаратын державаға айналуы керек
Олжас Бектенов: Қазақстан автомобиль шығаратын державаға айналуы керек

Олжас Бектенов: Қазақстан автомобиль шығаратын державаға айналуы керек

«Қазақстан автомобиль шығаратын қуатты державаға айналуы керек». Алматыға іссапармен келген премьер-министр бүгін осындай мәлімдеме жасады. Олжас Бектеновтің айтуынша, сыни пікірлерге қарамастан, еліміздегі көлік құрастыру саласы дамып келеді.

Премьер-министр индустриялық аймақтағы жеңіл автокөлік өндіретін зауытта болды. Қазір бұл кәсіпорынды кеңейту және жаңғыртуға қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Онда 1700 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Жылына 90 мың жеңіл автокөлік шығара алатын тағы бір мультибренд зауыт тұрғызу жоспарланып отыр.

Аумақта қосалқы бөлшектер шығаратын үш зауыт пайда болады. Бектенов автоөнеркәсіптердің жұмысын Үкімет жан-жақты қолдайды деп сендірді.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Қазақстанның автоөнеркәсібі қалыптасты. Ол әрі қарай да дами береді. Ал біз Үкімет ретінде оларға жан-жақты қолдау көрсетеміз. Бизнес ретінде дамуға, ұсақ бөлшектерді құрастыруға, локализацияны арттыруға деген ұмтылыс барын көріп тұрмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде