{metadescription}
СҚО: Екі жеткіншек суға кетіп көз жұмды
СҚО: Екі жеткіншек суға кетіп көз жұмды

СҚО: Екі жеткіншек суға кетіп көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында екі жеткіншек суға кетіп көз жұмды. Олар Бескөл ауылының сыртындағы ескі арнаға шомылмақ болған екен.

Қыршын кеткен қос бала бір-бірінетуысқан болып шықты. Бескөл ауылында тұратын 15 жастағы бала Қарағандыдан қонаққа келген 12 жасар інісін ертіп ауыл шетіндегі арнаға барады. Суға сүңгіп кеткен інісі бата бастаған. Оны құтқармақ болып үлкені де тұра ұмтылыпты. Бірақ екеуі де салқын судан шыға алмай қалған. Сүңгуірлер су түбінен мәйіттерін алып шықты.

Қазір балалардың өмірін қиған шомылатын аумақ жабық тұр. Рұқсат етілмеген осындай жерлерді енді құтқарушылар тексере бастады. Төтеншеліктер мұндағы су қоймаларына түсуге болмайтынын үнемі ескертіп отырамыз дейді. Тіпті бірнеше адамға айыппұл салғанымен, көпшілік ескертуге құлақ аса бермейді дейді.

Жанат Мұхаметқалиев, СҚО Қызылжар ауданының ТЖБ бас маманы:

Үнемі су айдынын қайықпен аралап, қолдан жасалған суға түсу орындарын фото-видеоға түсіреміз. Бірақ көпшілігі заңды ма, заңсыз ба, оны өзіміз де біле бермейміз. Қазір қажет ақпаратты аудан әкімдігіне жібереміз. Сөйтіп, суға түсу орнының қайсысы заңды, қайсысы заңсыз екенін анықтаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде