{metadescription}
Шомылу маусымы: 70 адам суға кеткен, оның 30-ы — балалар
Шомылу маусымы: 70 адам суға кеткен, оның 30-ы — балалар

Шомылу маусымы: 70 адам суға кеткен, оның 30-ы — балалар

Шомылу маусымы басталғалы елімізде 70 адам суға кетіп, ажал құшқан. Оның 30-ы бала. Төтеншеліктердің дерегінше, кәмелетке толмай суға кеткендердің дені — қараусыз қалған немесе рұқсат етілмеген жерде шомылғандар.

Дегенмен статистика былтыр дәл осындай уақытта суға кетіп қайтыс болғандар саны анағұрлым көп болғанын көрсетіп отыр. Мәселен 2023 жылдың жарты жылдығында 83 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Суға кеткендердің басым бөлігі ішімдікке сылқия тойып, өзен-көлдерге түскендер. Қанша жерден ескертпе тақтайшасы ілініп, құтқару қызметі дабыл қақса да, әлі күнге дейін рұқсат етілмеген жерге шомылатындар азаймай отыр.

Ақылбек Ахметжанов, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің комитет төрағасының орынбасары:

Елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мыңнан астам көл бар. Азаматтар шомылады, балық аулайды. Онда әкімдердің шешімімен бекітілген 708 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм және спорт орындары жабдықталған. Оның ішінде 167-і коммуналдық және 425-сі жеке жағажайлар, қалған 116-сы спорт және туристік мақсатқа арналған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде