Елімізде темекі тағы қымбаттайды
Елімізде темекі тағы қымбаттай түспек. Шілденің ортасынан бастап бөлшек саудадағы шылымның ең арзаны 820 теңгеден басталады. Яғни зиянды тауар құны қазіргіден 6 жарым пайызға көтеріледі.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
11.07.2024
Бұл қымбаттаудың шегі емес. Келер жылдың басында фильтрлі және фильтрсіз темекі құны тағы 50 теңгеге көтеріледі деп жоспарланып отыр. Осылайша өнімнің бір қорабы кемі 870 теңгеден сатылады.
Айта кетейік, қазір сатылымдағы ең арзан темекі 770 теңге тұрады. Бағаны өсіру шылымға әуес адамдардың санын азайту мақсатында қолға алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
08 қараша
Серіктестер жаңалықтары