Астанада спорт мекемесінің басшылығы 40 млн теңге жымқырған
Астанада әкімдікке қарасты спорт мекемесінің басшылығы 40 млн теңгені қалтасына басқан. Бюджет ақшасының жүйелі жымқырылып отырғанын Қаржы мониторингі агенттігі анықтады.
Автор: Айжан Шамшидин
11.07.2024
Ақша табудың оңай жолын тапқандар олимпиадалық емес спорт түрлерін дамытуға орталықтан ақша бөлгізіп отырған. Жыл соңында тапсырылған есепте "спортшылардың жүріп-тұруына, тамағына ақша жұмсадық" деп жалған мәлімет келтіріпті. Миллиондарды игеру үшін спорт дирекциясының басшылығы қоластындағы жаттықтырушыларына «оқу-жаттығу сәтті өтті» деген есеп тапсыруды мәжбүрлеген көрінеді.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
— Жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы туралы жалған есеп тапсырды. Заңсыз мәліметтерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!