{metadescription}
Үлкен Алматы каналына құлаған баланы құтқарып қалды
Үлкен Алматы каналына құлаған баланы құтқарып қалды

Үлкен Алматы каналына құлаған баланы құтқарып қалды

Ажалдан арашалап қалды. Алматы облысында ер адам суға батып бара баланы құтқарып қалды. Ойнап жүрген бала аяғы тайып кетіп, Үлкен Алматы каналына түсіп кеткен екен.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Суға батып бара жатқан жеті жасар ұлды көрген жігіт бірден суға секірген. Сөйтіп, ағысқа қарсы жүзіп, баланы ұстап қалды.

Бүгінгінің батыры 28 жастағы кәсіпкер болып шықты. Оның бұл ерлігі ескерусіз қалған жоқ. Жергілікті әкімдік Серікжан Ботан есімді азаматты бүгін арнайы марапаттап, сыйлық табыстады. Ал жігіт: «Менің орнымда басқа адам болса да, осылай әрекет ететін еді», - дейді.

Серікжан Ботан, Алматы облысының тұрғыны:

- Кішкентай балалардың айқайлаған даусын естіп қалып, сол жаққа қарай бардым. Олар көмек сұрады, айқайлап шақырып. Бала тұншығып қалған, дем жетпей, әбден әлсіреп қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде