{metadescription}
Әлемде кофе қымбаттап барады
Әлемде кофе қымбаттап барады

Әлемде кофе қымбаттап барады

Кофені ұнататын қауымның көңіліне қаяу түсірер хабар. Әлемде сергітетін сусынның бағасы қымбаттап жатыр. Акциямен арзанға сатып алу да мүмкін болмайды дейді осы саланың сарапшылары.

Негізгі себеп климаттың өзгеруі. Әсіресе Азияның кофе ағашы өсетін елдерінде қуаңшылық соңғы үш айда бағаның күрт өсуіне әкелген. Мәселен, Ұлыбритания дүкендеріндегі кофе бағасы былтырдан бері 15 пайызға өскен. Аптап ыстықтан өнім аз жиналып, баға одан әрі көтеріледі дейді мамандар.

Жарты жылдың өзінде әлемдегі ең ірі кофе өсіретін ел саналатын Вьетнамда өндіріс, шамамен, 11 пайызға қысқарыпты. Тауардың қымбаттауына Еуроодақтың жаңа ережелері мен тауар тасымалдаудағы қиындықтар да әсер етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде