Семейде қарағайлы орманды отаған қылмыстық топ ұсталды
Семейде қарағайлы орманды отап, заңсыз ағаш кескен қылмыстық топ ұсталды. Жасыл желектен көл-көсір пайда тапқандарды «Семей орманы» резерваты филиалының директоры қамқорлығына алды деген күдік бар.
Автор: Ұлан Нұрахмет
11.07.2024
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 20 адам күдікті деп танылған. Қолға түскендерден он шақты текше метр кесілген ағаш және тақтай тілетін станоктар, қомақты қаражат пен құжаттар тәркіленген. Қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне орманды қорғауы тиіс резерват басшысы көз жұма қарапты.
Лауазымды тұлғаға орман отаушылармен ауыз жаласып, қызметін асыра пайдаланды, жемқорлықпен айналысты, жалған құжат жасады деген бірнеше айып тағылып отыр. Барлығы уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!