{metadescription}
ШҚО: Үйде қараусыз қалған үш бала өрттен аман қалды
ШҚО: Үйде қараусыз қалған үш бала өрттен аман қалды

ШҚО: Үйде қараусыз қалған үш бала өрттен аман қалды

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үйден өрт шығып, үш бала тірідей жанып кете жаздады. Себебі ата-анасы оларды қараусыз қалдырып кеткен екен.

Оқиға таңғы сағат он шамасында Самар ауылында болған. Ұйықтап жатқан балаларын үйге қалдырып, анасы жұмысқа, әкесі жеке шаруасымен шығып кеткен. Сол сәтте жер үйдің шатырынан өрт тұтанған. Абырой болғанда, түтінді көршілері көріп қалып, үш баланы ажалдан арашалап қалды. Ол есік қаққан сәтте 11 жастағы бала оянып, оттың ішінен өзі шығып үлгерген. Ал ұйықтап жатқан 13 және 3 жастағы екі қызды тұрғындар терезені сындырып алып шықты.

Руслан Ахметзаки, Самар ауылы өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

Өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады. Өрт басталған кезде бірінші жеткен Самар ауылының тұрғыны Нұрғалиев Марат және Самар ауылының өрт сөндірушілері терезе арқылы екі баланы құтқарған. Өрттің шығу себебі тоқтың ысқа тұйықталуы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.