{metadescription}
Тимур Сүлейменов:  Күнара құбылатын доллар бағамына алаңдамау қажет
Тимур Сүлейменов:  Күнара құбылатын доллар бағамына алаңдамау қажет

Тимур Сүлейменов: Күнара құбылатын доллар бағамына алаңдамау қажет

Күнде болмаса да, күнара құбылатын доллар бағамына алаңдамау қажет. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға осындай кеңес берді. Оның айтуынша, шетел валютасының  бір көтеріліп, бір түсуіне уайымдаудан түк пайда жоқ.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Біз Қазақстанда тұрамыз. Өзіміздің ұлттық валютамыз бар   теңге деген. Айлықты да, несиені де осы валютамен аламыз. Олай болса, теңгенің негізінде орын алған инфляция ғана бізді алаңдатуы керек. Шет елге шығатын болсақ немесе жалпы ақша бағамын бағдарлау үшін ғана 1 доллардың теңгеге шаққанда қанша шығатынын біліп отырса болады.

KASE қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 475 теңге төңірегінде тұрақтады. Ұлттық банк төрағасы АҚШ валютасы бұған дейін 480-ге де барғанын еске салып, жағдайдың қалыпты екенін айтып бақты.

Нарықтағы ақша саясатына осындай баға берген Сүлейменов алдағы уақытта төл теңгеміз тек нығая береді деп отыр. Сондай-ақ журналистер алдына шыққан Ұлттық банк басшылығы база мөлшерлемесінің де 14,25 пайызға дейін төмендетілгенін жеткізді. Қаржы ұйымының ақпаратында жылдық инфляция мамыр мен маусым айларында біртіндеп төмендеген. Ұлттық банктің база мөлшерлемесі бойынша кезекті жоспарлы шешімі 29 тамызда жарияланбақ.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Инфляцияның қазіргі динамикасы ауыл шаруашылығындағы және тамақ өндірісіндегі бағаның төмендеу әсерінен қалыптасып келеді. Дегенмен өндірушілердің бағаны түсіру үрдісі әлсірей бастаған. Инфляцияның барлық құрамдас бөлігінің баяулағаны байқалып отыр. Әсіресеа зық-түлік мамырдағы 5,5 пайыздан маусымда 5,4 пайызға түскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде