{metadescription}
Ақмола облысында тыйым салынған вейптерді сатпақ болған
Ақмола облысында тыйым салынған вейптерді сатпақ болған

Ақмола облысында тыйым салынған вейптерді сатпақ болған

Тыйым салынған вейптерді сатудың алғашқы дерегі Ақмола облысында тіркелді. Өткен айда ғана күшіне енген заңды елемеген кәсіпкер енді 700 мың теңгеден астам айыппұл арқалап  немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Адам денсаулығына зиян өнімді сатумен айналысқан кәсіпкер Орал қаласында да ұсталған. Ол тыйым салынған тауарды дәл жасөспірімге сатып жатқан жерінен қолға түсіпті.

Айта кетейік, тура осыдан бір апта бұрын Алматы облысында құны 2 миллион теңге тұратын вейптер тәркіленген. Иесі оны WhatsApp желісі арқылы өткізбек болыпты. Полицейлер елімізде вейпке тыйым салынғанын тағы да қайталап , заңға бағынбаған кәсіпкерлер қудаланатынын ескертіп отыр.

Әлия Біләлова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің маманы:

Полиция департаменті бұған дейін осындай тауарды сатумен айналысқан кәсіпкерлерді өз бизнесін қайта бағдарлауға және заңды бұзбауға шақырады. Вейп өндіру, әкелу, сату және тарату енді 200 АЕК айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде