{metadescription}
Алдағы демалыста аймақтарда жауын жауып, жел күшейеді
Алдағы демалыста аймақтарда жауын жауып, жел күшейеді

Алдағы демалыста аймақтарда жауын жауып, жел күшейеді

Алдағы демалыс күндері еліміздің барлық аймағында жауын жауып, жел күшейеді. «Казгидромет» республикамыздың басым бөлігінде дауыл тұрып, найзағай күтілетінін айтуда.Табиғаттың тосын мінезі соңғы уақытта тұрғындарды әбігерге салғаны рас. Әсіресе Алматыда күндіз күн қатты ысып, кешке дүлей дауыл тұру үйреншікті құбылысқа айналған. Экологтар мұны климаттың өзгеруі мен Тынық мұхитынан жеткен ауа ағымымен байланыстырып отыр.

Биыл "шіліңгір шілде", "аспан айналып жерге түскендей" деген тіркесті тіпті оңтүстіктің тұрғындарының аузынан естімейтін сияқтымыз. Әдетте шыжып тұратын жаздың ең ыстық айы биыл жауын-шашынды болып тұр. Ауа райына әсіресе алматылықтар алданып жүр. Өйткені таңнан кешке дейін күн шақырайып, ал кеш ауа дауыл көтеріліп, нөсер жауынға ұласады.

Жаңбыр, сосын қайта ыстыққа айналады. Қолымызда вентилятор ұстап жүреміз. Желдеткіш, кондердың астына тұрып жүреміз. Жаңбырда қолшатыр пайдаланамыз. Найзағайдан қорғану үшін бір жерді іздей тұрамыз.

Қолшатырды өзімізбен біргекүнде алып жүреміз. Тұрақсыздау сияқты, өйткені былтыр қатты жаңбыр болған жоқ.

Жаңбырдан кейін қала көшелері мен арықтар көлкіп, жер асты өткелдері малмандай су болып жатады. Жауын суы тіпті қоғамдық көліктің ішін де басып қалды. Құбылмалы ауа райы Семей мен Жаңатас қаласыының тұрғындарын да әуре-сарсаңға салды. Толассыз жауыннан Жаңатаста 50 үйді су басып, төтенше жағдай жарияланды. Мұндай ауарайы демалыс күндері де қайталануы мүмкін. «Казгидромет» мамандары еліміздің өзге өңірлерінде де жауын күтіледі деп отыр.

Афродита Пірімжар, «Қазгидромет» РМК 1-санатты инженері:

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады, өткінші жаңбыр сақталады, тек еліміздің солтүстік-шығысы мен шығыс өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. 13 шілдеде Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, орталығы, солтүстік-батысы және батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюуі күтілуде.

Ал экологтар шілденің жауын-шашынды болуын климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Маманның айтуынша, нөсер-жауын тек Қазақстанды ғана емес, дүниежүзінде жыл мезгіліне сай емес құбылыстар болып жатыр дейді.

Лаура Мәлікова, «Тәжірибеші экологтар қауымдастығының» төрайымы:

Қатты ыстық пен кенет жауатын жаңбыр климаттың өзгеруінен болып жатыр. Былтыржаздан бастап биылғы мамыр айына дейін елімізде ерекше құбылыс жүрді. Ол Тынық мұхитынан жеткен. Сол ауа ағымдарының салдарынан бүкіл әлемде әртүрлі өзгеріс болды. Дубайда жаңбыр жауып, Пәкістанды сел көшті. Біздің кейбір өңірде де тасқын болды. Енді құбылыс бітіп, ауа райы салқындауы тиіс.

Құтқарушылар жауын-шашын кезінде тұрғындардың таулы аймаққа бармауын сұрайды. Қатты жауыннан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Дегенмен экологотар табиғаттың тосын мінез танытуы жақында тыйылады дейді. Көп ұазамай нөсер жауын тоқтап, дауыл азаяды. Ал әзірге күн райының аумалы-төкпелі болуына көндігіп, синоптиктердің болжамына құлақ түріп жүруден басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде