{metadescription}
Биыл 30мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқығы бұзылған
Биыл 30мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқығы бұзылған

Биыл 30мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқығы бұзылған

Жұмысты істеткізіп алып, жалақыны жыр қылған. Биыл 30мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқығы бұзылғаны анықталды. Еліміздегі 190 кәсіпорынның қол астындағы қызметкеріне бақандай 3 миллиардқа жуық теңге берешегі бар екен.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары осындай жосықсыз жұмыс берушілерге 26 миллион теңгеден астам айыппұл салып, орындауға міндетті 182 ұйғарым берген. Осылайша маңдай тер ақысын ала алмай жүрген 10 мыңға жуық жұмыскерге 2 миллиардттан астам теңге төленді.

Жалпы жыл басынан бері инспекторлар 3 мың 500 ден астам кәсіпорынға тексеріс жүргізіп, 5 мың 600 заңбұзушылықты анықтапты. Жұмыс берушілер қызметкерлерінің жалақысын қысып қалудан бөлек, олардың қауіпсіздігіне де басын қатырмайды екен. Ұжымдағы еңбек қатынасы бұзылғаны үшін жұмыс берушілер 270 миллион теңдеген астам айыппұл арқалапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде