Көкшетауға келген фитнес-жаттықтырушы есірткі саудасын қыздырмақ болған
Көкшетауда есірткі саудасын қыздыру үшін Алматыдан арнайы келген фитнес-жаттықтырушы ұсталды. 40 жастағы азамат синтетика есірткіні ірі көлемде таратпақшы болған.
Автор: Бек Әбиев
12.07.2024
Арам пиғылын іске асыру үшін ол Көкшетаудан пәтер жалдаған. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 310 түйіншектен тұратын синтетика есірткі, гашиш және есірткіні қаптауға арналған құралдарды тәркіледі. Арнайы сараптама кезінде салмағы бір келіден асатын синтетикалық есірткінің мефедрон екені анықталды. Бірден қамауға алынған күдікті Алматы қаласында фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істейді екен. Ол қосымша ақша табу үшін есірткі тасымалдаумен айналысқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!