Петропавлда мысықты үйдің төбесін қопарып жүріп құтқарды
Мысықты құтқарамыз деп төбе жабындысын түгел қопарды. Петропавлда тұрғын үйдің желдету шахтасына түсіп кеткен үй жануарын құтқарушылар екі сағат дегенде әрең алып шықты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
12.07.2024
Мысығын құтқаруды сұрап жергілікті тұрғындың бірі 112-ге қоңырау шалған. Сөйтсе, үй жануары қос қабаттың үйдің төбесіндегі желдету құбырына кіріп, шахтаға құлап кетіпті. Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының төрт қызметкеріне мысықты алып шығу оңай болмады. Олар екі сағат алысып, төбе жабындысын түгел қопарған. Жұртты әуре-сарсаңға түсірген мысық құтқарылып, иесіне табысталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!