{metadescription}
Байқау: Гималай аюының екі қонжығына ат қою керек
Байқау: Гималай аюының екі қонжығына ат қою керек

Байқау: Гималай аюының екі қонжығына ат қою керек

Алматыдағы хайуанаттар бағы халықтан көмек сұрайды. Зообақта былтыр Гималай аюының екі қонжығы дүниеге келген. Бірақ екеуінің де әлі есімі қойылмаған.

Біздің гималайлық қонжықтарымыз өсіп, сымбатты болып келеді! Олардың дамып, өсіп келе жатқанына қатты қуаныштымыз. Енді біз сіздердің пікірлеріңізді білгіміз келеді. Біздің кішкентай, сүйкімді достарымызға қандай ат лайық?

Желі қолданушылары көп күттірмей өз нұсқасын жарыса жаза бастады. Мәселен, Чук және Гек, Тянь мен Шань, Мансур, Балу сынды сан түрлі есім ұсынған. Хайуанаттар бағының қызметкерлері осылайша ең қызықты әрі ерекше атты таңдап алмақ.

Гималай аюы халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш аң. Олар өзге аюлардан құлағының үлкендігі мен жүнінің қалыңдығымен ерекшеленеді. Көбіне Шығыс Азияда мекендейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде