{metadescription}
Төрт өңірде торып жүрген діни радикалдар құрықталды
Төрт өңірде торып жүрген діни радикалдар құрықталды

Төрт өңірде торып жүрген діни радикалдар құрықталды

Терроризмді насихаттап, жас буынның санасын улаумен айналысқан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің төрт өңірінде торып жүрген діни радикалдарды құрықтады. Арнайы операцияны ұйымдастыруға прокуратура мен полиция да жұмылдырылған.

Тінткен кезде үйлерінен көптеген діни экстремист бағыттағы әдебиеттер табылыпты. Комитеттің дерегінше, Астана, Шымкент қалалары мен Атырау, Жамбыл облыстарында адамдардың санасын улап, қылмыстық ұйымына тартыпты. Солардың қолымен лаңкестік әрекет ұйымдастыруға оқталған көрінеді. Ұсталғандардың төртеуі қазақстандық , ал біреуі шетел азаматы. Арасында өзге елдегі әскери қақтығысқа қатысып, сол үшін Қазақстанда сотталып, жазасын өтеп шыққан біреуі бар екен. Тағы екеуі ауыр есірткіге тәуелді азаматтар. Оларға төрт бап бойынша айып тағылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде