{metadescription}
Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, алтауы ауыр халде жатыр
Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, алтауы ауыр халде жатыр

Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, алтауы ауыр халде жатыр

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты. Тағы алтауы жансақтау бөліміне жеткізілген. Үшеуінің жағдайы ауыр.

Жолдағы апат түнгі сағат бір шамасында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында болды. Екі жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, 46 адам зардап шеккен. 35 адам ауруханаға жеткізілді. Оның 14-і бала. Апат орнында төрт адам қаза тауып, бірі жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Аман қалған жолаушылырға санавиация бригадасымен арнайы мамандар шақыртылып, медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер жансақтау бөліміндегі екі адамның жағдайы нашар дейді. 

Қалдыбай Байрамов, Жуалы ауданы орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

Екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде бір бала бар. 2008 жылғы. Ес-түссіз жағдайға түсіп, ем көрсетіліп, санавиация шақыртылып, ертесінде облыстық көпбейінді ауруханаға жаткізіліпді. Үшінші науқастың жағдай өте нашар. Санавиациямен келген дәрігерлердің көмегімен күрделі ота жасалып, қазіргі жағдайы бірқалыпты, бірақ өте нашар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде