{metadescription}
«Екі айлық баласы аман». Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің жағдайы ауыр
«Екі айлық баласы аман». Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің жағдайы ауыр

«Екі айлық баласы аман». Маңғыстауда күйеуі пышақтаған әйелдің жағдайы ауыр

Маңғыстауда жұрттың көзінше күйеуі пышақтаған келіншек жансақтау бөлімінде жатыр. Абырой болғанда құрсағындағы екі жарым айлық баласы аман, дейді дәрігерлер. 26 жастағы күйеуі қазір қамауда. Қоғамдық орында болған озбырлықты көре тұра, келіншекке араша түсе алмаған полиция қызметкерлері де жазалануы мүмкін.

Ілияс Жұмағұлов, Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары:

Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты тергеу ісі жүргізілуде. Нәтижесіне қарай құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесіне қарай өзге ақпарат жария етілмейді.

Ер адамның әйелін бірнеше рет пышақтаған видеосы әлеуметтік желіде тараған. Жігіттің қатыгез әрекетін бірнеше адам қарап тұрғанымен, ешбірі қорғауға асықпаған. Видеода, тіпті, полиция қызметкерлерінің де жақындай алмағанын көруге болады. Желі қолданушылары тәртіп сақшыларының осы әрекетін сынға алуда. Қазір ер адам полицияға өзі беріліп, қамауға алынған. Кісі өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Ал 24 жастағы жүкті келіншек ауыр халде ауруханада жатыр. Сол жақ кеуде тұсына және ішіне пышақ кірген әйелге ота жасалыпты.

Мәулен Жұмаділлаев, Маңғыстау облысы ауруханасының реаниматолог дәрігері:

 Хирургтармен консилум құрып, жедел түрде ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде емделуде. Жағдайы ауыр. Жасалған ота мен алған жарақатының көлеміне байланысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде