{metadescription}
Марат Әйтенов бес тәулікке қамалып, қылмыстық іс те қозғалды
Марат Әйтенов бес тәулікке қамалып, қылмыстық іс те қозғалды

Марат Әйтенов бес тәулікке қамалып, қылмыстық іс те қозғалды

Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің туған ағасы Марат Әйтенов бұрынғы әйелі мен балаларына күш көрсеткені үшін бес тәулікке қамауға алынды. Қылмыстық іс те қозғалған. Бұл туралы Астана соты хабарлады.

Марат Әйтеновтің үш баласы мен әйелін сабап, үйден қуып жатқан видеосы күні кеше тараған. Оқиға орнына сот орындаушыларымен келген полицейлердің де бейқамдығы көпшіліктің шамына тиді. Кейін белгілі болғандай, отбасы жанжалында «мен де зәбір көрдім» деген Әйтеновтердің үлкені, бұрынғы жары Дана Әтешованың үстінен бірден үш бап бойынша шағым түсірген. Өз дәделдерімен, адвокат жалдап сотқа шағымданған ол әлеуметтік желіге отбасында болған жанжалдарының бірін салған. Онда келіншектің ұрыс-керістен соң экс-күйеуін басынан құмырамен ұрғаны анық көрінеді.

Айта кетейік, Марат Әйтенов «Самұрық Қазынаның» басқарушы директорларының бірі, «Альянс Банктің» директорлар кеңесінің мүшесі болған. Әйелі Дана Әтешовамен тоғыз жылдан бері бір шаңырақ астында тұрыпты. Ал ата-анасының ұрыстарына куә болып, әке озбырлығын көрген балаларға омбудсмен Динара Зәкиева психологиялық көмек міндетті түрде көрсетілетінін айтты.

Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

Мен 12 шілдеде хабарлағанымдай, Дана Әтешова және оның балаларымен болған фактілер бойынша прокуратураға жүгіндім. Зорлық-зомбылық фактісі бойынша, іс-әрекет жиынтығын ескере отырып, әкімшілік іс жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Барлық болған оқиғаның ең қорқыныштысы  балалар бастан кешкен психологиялық жарақат. Әріптестерімен, өңірлік уәкілмен және қала әкімдігімен балаларға психологиялық көмек, аналарға балалар мәселелері бойынша қажетті заңгерлік кеңес беру ұйымдастырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде